Ақтауда су құбыры жарылды

 

Ақтау қаласындағы 33-шағынауданда су құбыры жарылып, салдарынан екі әлеуметтік нысан сусыз қалды.

Коммуналды мекеменің хабарлауынша, бір балабақша мен мектеп судан ажыратылған. Қазіргі кезде құбырды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Әзірге 2 нысанға су таситын көліктермен тіршілік нәрі жеткізілуде. Құбыр кешкі 20:00-де жөнделіп, қосылады деп жоспарланған.

Мұрат Ермұхабетов, «Каспий Жылу, су арнасы» КММ бас инженері:

– Бүгін шамамен 7:30-дарда 33-шағынаудандағы Назарбаев зиякерлік мектебінің аумағында ауыз судың магистральдық құбырында су жарылды. Қазіргі таңда дайындық жұмыстары жүрді, қазу үшін өкілдер күтіп алынды. 3 техника жұмылдырылды, қазу жұмыстарына экскаватор, политэлен құбыр, пойклейтін электрстанция, оған қоса 4 жұмысшы жұмылдырылды. Кешке дейін жұмыс аяқталады. Әлеуметтік желіде бүкіл шағынауданда су жоқ деген ақпарат тараған. Дұрыс емес, балабақша мен мектепте ғана су тоқтатылды.