434,34 496,10 5,64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Жылқыны маңдайынан мылтықпен атып құлатқандар жұрттың ашуын тудырды

  • 163
  • UPD: 09:18, 23.12.2021

Қорада тұрған жылқыны маңдайынан мылтықпен атып құлатып, сонан кейін ғана бауыздағандар жұрттың ашуын тудырды, деп хабарлайды Хабар 24.

Әлеуметтік желіде тараған видеоның қай өңірде түсірілгені әзірге белгісіз. Желі қолданушылары малды сұлатып салғандарға шара қолдануды талап етуде. Мұндай жолмен сойылған малдың еті адал емес, дейді пікір жазғандар. Өз жылқысын атқан адамға қандай шара қолданылатыны да белгісіз. 

ҚАШЫП КЕТКЕН

Ол жаяу жүргіншілер өтетін жолдан адам қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен. Алайда Түркістан полицейлері көп ұзамай жүргізушіні ұстады. Оқиға Түлкібас ауданы Азаттық ауылы Навои көшесінде болған. Тәртіп сақшылары оқиға орнынан табылған айғақ заттарды тексеріп, ер адамды Opel Vectra көлігімен қаққанын анықтады. Іздеу нәтижесінде жергілікті тұрғын ұсталып, қамауға алынды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

ЕСІРТКІ САТЫП НЕСІ БАР?

Атыраулық тұрғынның үйінен синтетикалық есірткі табылды. Полицейлер күдіктінің тыйым салынған есірткі затын сатумен айналысқанын анықтады. Жедел іздестіру кезінде 67 грамм есірткі тәркіленді. Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297 бабы 3 бөлімі 3 тармағы және 5 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.

ОРТАЛЫҚТЫҢ ТӨБЕСІ ӨРТЕНДІ

Шымкентте балаларды бейімдеу орталығынан өрт шықты. Ақпан батыр көшесінің бойында орналасқан жекеменшік ғимараттың шатыры түгел жанып кетті. Мекеменің 5 қызметкері мен жасөспірім 6 емделуші қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жауды ауыздықтауға 33 өрт сөндіруші мен 7 арнайы техника тартылды. Медициналық орталық мамандары да жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Қуаныш Күлбаев, қалалық №5 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары:

– Жалпы көлемі 144 шаршы метр жеке меншік тұрғын үйде орналасқан балалар емдеу орталығының жалпы көлемі 120 шаршы метр шатыры толығымен жанып кетті. Өрт сағат 10:57-де оқшауланып, сағат 11:26-да толығымен сөндірілді.

Хабар 24 телеарнасы