Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Б.Хаменова қамауға алынды

Бақытгүл Хаменова уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Хабар 24.

Атырау облыстық соты оның тұтқындалғаны туралы ақпаратты растады. Экс-шенеуніктің ұсталғаны туралы бұдан бұрын жазылған еді.

Айта кетейік, пара алды деген күдікке ілінген Атырау облысы әкімінің орынбасары бұған дейін үй қамақта отырған болатын. Енді ол сот басталғанға дейін абақтыда отырады. Хаменованы қамауға алуға облыстық прокуратура ықпал еткен. Бұған дейін Атыраудың мамандандырылған тергеу соты күдіктіні үй қамаққа алу туралы шешім шығарған еді. Бақытгүл Хаменоваға Атырауда Абай ескерткішін дайындау және орнатуға қажетті мемлекеттік сатып алу келісімін дайындау үшін серіктестіктен 4,5 миллион теңге пара алды деген айып тағылып отыр.