ШҚО-да көлігімен автобусты соққан тәртіп сақшысы сотталмайды

Өскеменде көпір үстінде автокөлік айдап келе жатып, автобуспен соқтығысқан полиция қызметкеріне қатысты қозғалған іс тоқтатылды, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл туралы облыстық Полиция департаментінен мәлімдеді.

Естеріңізге салсақ, осыдан бір жарым ай бұрын Үлбі көпірінің үстімен келе жатқан Lexus маркалы автокөлік қарсы бағытқа шығып кетіп, қоғамдық көлікпен соқтығысқан еді. Салдарынан автобус жүргізушісі мен онда отырған бірнеше жолаушы түрлі дене жарақатын алды. Сол жердегі куәгерлер «Лексус» көлігінен түскен жүргізушінің мас күйде болғанын айтқан. Ізінше Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 345 бабының 1 бөлімі бойынша қылмыстық өндірісті бастады. Автобуста болған 7 адамды дәрігерлер тексеріп, олардың жеңіл жарақат алғаны анықталды. Автокөлік тізгіндеген жүргізушісі де химия биологиялық сараптамадан өтіп, оның ішімдік ішпегені, есірткі қолданбағаны дәлелденді. Осылайша қылмыстық құрам жоқ болғандықтан оған қатысты қозғалған іс тоқтатылды. Десек те жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылады