Жамбыл облысында жалған террористер қолға түсті

Өтірік ақпарат таратып, жұрттың үрейін қашырғандарды тәртіп сақшылары қолға түсірді, деп хабарлайды Хабар 24.

Олар көбіне мектептерге жарылғыш зат қойылды деп жалған хабар таратып келген екен. Мұндай оқиғалар Талас және Шу аудандарында болыпты.  Полиция қызметкерлері әлгі күдіктілердің барлығын қолға түсірген. Қазір 5 адам тергеліп жатыр. Егер кінәлары дәлелденсе, бес жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін.