Алматыдан Өскеменге барып есірткі сатқан келіншек ұсталды

Алматылық келіншек Өскеменге барып, есірткі өндірісімен айналысқан. Ол қалада пәтер жалдап, бірнеше делдал тапты.

Алдымен полицейлер «Рефлекс» арнайы операциясының аясында оның клиенттерінің бірін ұстаған. Одан 100 грамм «альфа-тур» психобелсенді заты тәркіленді. Сол арқылы тәртіп сақшылары есірткі сатқан әйелдің тұратын жерін анықтады. Пәтерден тыйым салынған заттың 100 дозасы мен әлі қапқа бөліп салынбаған есірткі табылды. Оның салмағы 62 грамды құрады. Қазір пысықай келіншек қамауда отыр. Ол 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.