«АрселорМиттал Теміртау» кенішінде жұмысшы жараланды

«АрселорМиттал Теміртау» кенішінде жұмысшы жараланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«22 желтоқсанда «Шахтинская» шахтасында металл бұйымдарды тиеу кезінде 1975 жылы туған кенші жарақат алды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін ауруханаға жатқызылды. Өміріне қауіп жоқ. Оқиға тергеліп жатыр», - деді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметі өкілдері.

Жарақат алған жұмысшысы профессор Хафиз Мақажанов атындағы клиникаға жатқызылды. Ол бас-ми жарақатын алғаны мәлім болды.

«Ер адам жедел травматология бөліміне жатқызылды. Жағдайы орташа ауыр, тұрақты», - деді Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы өкілі.