ШҚО-да мамандандырылған мектеп-интернатының бұрынғы директоры жеті жылға сотталды

Оған мемлекет қазынасынан 12 миллион теңге жымқырды деген айып тағылды, деп хабарлайды Хабар 24.

Айыпты азамат сот шешімімен келіскен жоқ. Ал мемлекеттік айыптаушы судьядан 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Алайда судья істің мән-жайын және сотталушы азаматтың кәмелетке толмаған баласы бар екенін ескере келе, шешімді сәл жеңілдетті.

Алмат Исахан, қалалық №2 соттың судьясы:

– Сотталушының бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанын, алғаш рет қылмыс жасағанын ескере отырып,  7 жылға  бас бостандығынан айыру шешімін шығарды. Сондай-ақ мемлекеттік қызмет лауазымын өмір бойы атқаруға да шектеу қойды. Бұл қосымша жаза ретінде қарастырылды.