Алматыда ер адам көлік астында қалып мерт болды

Алматының Іле трактіндегі солтүстік бағытта Lexus IS жаяу жүргіншілер өткелімен өтіп бара жатқан ер адамды қағып кеткен.

Zakon.kz мәліметінше, алған жарақаттарынан ер адам оқиға орнында көз жұмған.

Оқиға орнында жол полициясы мен криминалистер жұмыс істеп жатыр. Олар қайтыс болған адамның жеке басы мен жол апатының себебін анықтап жатыр.