Петропавлдағы жылу электр станциясында апат болды

Петропавлда жылу электр станциясында апат болып, 27 жастағы жігіт ауыр жарақат алды.

Ыстық будан денесінің 40 процентін күйік шалған жұмысшы, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне түсті. Дәрігерлер оған терапия жасды.

Айта кетейік, демалыс күндері кәсіпорында, екі қазандық істен шығып, қалаға берілетін жылу мөлшері азайды. Қазір қосымша агре-гаттарды қосу жағы қарастырылып жатыр. Зардап шеккен жұмысшы, мердігер ұйымның атынан жөндеу жұмыстарын жүргізген.

Жанна Маутова, қалалық аурухананың директоры:

– Науқастың жағдайы әлі де ауыр. Беті, мойны, белі, жамбасы мен аяқ-қолы күйген. Есін біледі. Өзі демалады. Жаңа ғана сөйлесіп шықтым. Жансақтау бөлімінде емі жалғасып жатыр.