СҚО-да электр сымдарын ұрлағандар ұсталды

Солтүстік Қазақстанда электр сымдарын ұрлаған күдіктілер қолға түсті, деп хабарлайды Хабар 24.

Олар Қызылжар ауданында резервтік электр беру желісінің сымдарын жаздан бері ұрлап келген. Жалпы ұзындығы 11 шақырымға тартылған желі сымдарының құны екі жарым миллион теңге.

Тәртіп сақшыларының айтуыша, олар электр тарату компаниясының жұмысшылары болып шықты. Ал ұрланған затты металл қабылдау орындарына өткізіп отырған.

Данияр Қалиақпаров, облыстық ПД басқармасының аға жедел уәкілі:

– Арнайы жүргізілген жедел-іздестіру шарасы кезінде электр тарату компаниясында жұмыс істейтін 9 азамат анықталды. Олар Трудовая Нива ауылы маңындағы бағандардан сымдарды ұрлап келген. Қазір бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сезіктілер ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Тергеу амалдары жалғасуда.