Қостанай тұрғыны 50 адамды алдап келген

20 жастағы қостанайлық жігіт Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында пәтер жалға беремін деп елді жалған ақпаратқа сендіріп келген, деп хабарлайды Хабар 24.

Тіпті азаматтардан алдын-ала ақы алып отырған. Ал пәтерді көрсетуге келгенде түрлі сылтау айтып, сытылып кеткен. Алаяқ жымысқы әрекетін көбіне әлеуметтік желі арқылы іске асырған. Полиция 50 адам зардап шеккенін айтады, алайда құрығына түскендер бұдан да көп болуы мүмкін. Қазір күдікті ұсталды. Оның өзге де деректерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.