Таразда жеткіншек селфи жасаймын деп мерт болды

Таразда пойыздың үстіне шығып, суретке түспек болған жеткіншек көз жұмды, деп хабарлайды Хабар 24.

Жантүршігерлік оқиға әлеуметтік желіде тарады. Бейнеден вагон үстінде жанып жатқан адам денесі айқын көрінеді. Оқиға Талас-Тараз теміржол желісінің аралығында болған. Бірнеше жасөспірім теміржолдың рұқсат етілмеген бөлігін кесіп өтіп, жол-жөнекей селфи жасау үшін тоқтап тұрған жүк вагондардың үстіне шыққан. Сол мезетте 15 жастағы оқушыны ток ұрып өртеніп кетті. Ал жанындағы екінші жеткіншек жерге секіріп үлгерген.

Аслан Дүйсенбаев, Тараз станциясы желілік полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары:

– Абайсызда адам өліміне әкеліп соққан теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған іс бойынша ақпарат ҚР Қылмыстық кодексінің 201 бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. 

Сондай-ақ...