434,48 496,10 5,67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алматы облысындағы ірі жол апатына қатысты тергеу шаралары басталды

  • 103
  • UPD: 22:52, 27.12.2021

Екі күн бұрын Алматы облысында болған ірі жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Хабар 24.

Полиция департаментінің тергеу басқармасы жолдарды пайдалану және жол қауіпсіздігіне жауапты тұлғаларды жауапқа тартпақ.

Атап өтейік, 25 желтоқсанда таңғы сағат 10-00 шамасында Алматы-Қорғас автожолының 134 шақырымында 17 көлік соқтығысқан еді. Енді кінәлілер жауап береді.

Ернар Сайділдин, облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі:

– Іс бойынша сараптамалар тағайындалды. Уәкілетті органдарға тиісті сұраулар жолданды. Істің мән-жайын толыққанды анықтауға қажетті тергеудің толыққандылығын және жан-жақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы