Ақтөбе облысында жаяу жүргіншіні қағып, көлігін жасырған жүргізуші ұсталды

Ақтөбе-Орск автожолындағы аялдамаға жақын жерде белгісіз автокөлік иесі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Хабар 24 Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Адам қаққан көлік иесі оқиға орынан ізін жасырған. Салдарынан егде жастағы жаяу жүргінші аудандық жансақтау бөліміне жеткізілді. 26 желтоқсанда жедел-іздестіру іс-шарасы аясында патрульдік полиция қызметкерлері осы жол-көлік оқиғасын жасаған жүргізушіні анықтап, ұстады. Ол 26 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Жүргізуші өз кінәсін толығымен мойындады. Жоғары жылдамдықпен келе жатып, жаяу жүргіншіні байқамағандығын түсіндірді. Адам қаққанан кейін сасқалақтап, оқиға орнынан кетіп қалған. Автокөлікті орман алқабына тығып қойғанын мойындады.