434,07 496,10 5,71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Павлодарда болған жантүршігерлік жол апатының мән-жайы анықталды

  • 106
  • UPD: 11:24, 28.12.2021
Павлодарда болған жантүршігерлік жол апатының мән-жайы анықталды

Автокөліктер арнайы айып тұрағына қамауға алынды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,  жол апаты 27 желтоқсан күні сағат 19.30-да  Химкомбинатовская көшесі, 1 мекенжайында орын алған. 

- «ВАЗ-21061» автокөлігінің 49 жастағы жүргізушісі басып озу кезінде қарсы қозғалыс жолағына шығып, «Daimler-Benz» маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, «Daimler-Benz» автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі мен 31 жастағы жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, - деді баспасөз қызметінде.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, облыстық денсаулық сақтау басқармасынан 2 адам ауыр жарақат алып,  1972 жылы дүниеге келген адам оқиға орнында  жан тапсырғанын хабарлаған болатын.

Науқастың біреуі 1987 жылы туған.  Оң жақ асықты жіліктің жабық сынуы, кеуде қуысының көгеруі диагнозымен № 1 қалалық ауруханға жеткізілді.

Зардап шеккен 1990 жылғы  екінші адам  оң жамбастың жоғарғы үштен бір бөлігінің жабық сынуы, бел омыртқасының сынуы, кеуде қуысының көгеруі, 1 дәрежелі травматикалық шокпен  №1 қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. 

Хабар 24 телеарнасы