Алматы облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

Алматы облысында жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан үш адам қайтыс болды.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 27 желтоқсан күні 21:40-та Жамбыл ауданында болған.

«Mercedes-Benz көлігінің 25 жастағы жүргізушісі Алматы-Бішкек автожолының 108-шақырымында рөлге ие бола алмай қалып, қарсы бағытта келе жатқан Van Hool автобусымен соқтығысқан», – делінген мәліметте.

Жеңіл көлік салонында алты адам болған, соның үшеуі оқиға орнында көз жұмды, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді.

Автобус жолаушылары зардап шекпеген.

Қазір жол апатының себебін полиция қызметкерлері анықтауда.