Алматыдан 456 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 456 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Massaget.kz

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 28 желтоқсан күні 13 сағат 14 минутта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 456 шақырым қашықта, Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің магнитудасы – 3.9.

Тереңдігі – 5 шақырым.

МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат жоқ.