Петропавлда ірі көлемде «синтетика» cатушылар ұсталды

Петропавлда ірі көлемде синтетикалық есірткі cатушылар ұсталды.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті мен облыстық полицейлер арнайы операция барысында үш жігітті анықтап, қылмыстық жауапкершілікке тартты. Олар екі ай бойы жалдамалы пәтерде тұрып, синтетикалық есірткі таратып келген. Тұрғын жайды тінту барысында айғақ заттар мен 800 грамға жуық мефедрон тәркіленді. Күдіктілер Петропавлға есірткі тарату үшін әдейі келгенін мойындаған. Қазір олар қамауға алынды. Аталған қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.