Қостанай-Тобыл автожолында жүргізуші қаза тапты

Қостанайдан Тобылға бет алған ВАЗ-2110 көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен.

Бұл туралы Аlau.kz хабарлады.

«Ол қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Қостанайдың 28 жастағы тұрғынының басқаруындағы Opel Astra автокөлігімен соқтығысқан. Екі көлік Ресей Федерациясының аумағында тіркелген. Жарақат алған ВАЗ-2110 жүргізушісі Қостанай облыстық ауруханасына жатқызылғанымен, кейін қайтыс болды. Ал Opel Astra жүргізушісі Қостанай қалалық ауруханасына жүгінді», — делінген хабарламада.