Алматыдағы сауда үйлерінің бірінен өрт шықты

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық ТЖД мәліметінше, жағдай бақылауға алынды. Өрт ауыздықталған.

Алматыдағы «Новый Ялян» сауда үйінде екі контейнерден өрт шығып, үшіншісіне де зақым келген.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында қызыл жалын 21 минутта ауыздықталды.