Түркістанда газ тарту мекемесінің қызметкерлеріне сот үкімі шықты

Түркістан қаласында қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін үйге газ құбыры мен қондырғысын орнатқан мекеме жұмысшыларына 4 жылға жаза кесілді, деп хабарлайды Хабар 24.

Қалада газ тарту мен монтаждау жұмысымен шұғылданатын жауапкершілігі шектеулі серіктестің қызметкерлері кезекті тапсырысты орындау кезінде басшының нұсқауымен үйге газ тартқан. Алайда баспана сызбасын қолдан сызып, құзырлы органдардың рұқсат беретін құжаты мен мөрін де өздері басқан. Заң бұзу мен техникалық қателіктің кесірі қайғылы жағдайға әкеп соқтырды. Былтыр ақпан айында газдан уланып, бір отбасындағы 5 адам көз жұмды. Сегіз айға созылған іс сотқа жетті. Үйді газға қосқан жеке серіктестік басшысы мен жұмысшы кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.