Жамбыл облысында заңсыз пиротехника сату дерегі тіркелді

Жамбыл облысында пиротехникалық заттар заңсыз сатылған. Полицейлер 20 фактіні анықтады. 70-ке жуық сертификаты жоқ өнімдер тәркіленді.

Естеріңізге сала кетейік, пиротехникалық бұйымдарды тек лицензиясы болған жағдайда ғана сатуға болады. Тәртіп сақшылары аймақта жүзден астам рейд жүргізіп, 20 сатушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.