Атырауда құтқарушылар жасөспірімнің саусағындағы сақинаны шешуге көмектесті

Атырауда құтқарушылар жаңа жыл түнінде жасөспірімнің саусағындағы сақинаны кесіп алып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 1 қаңтарда түнде болған.

«Департаменттің диспетчерлік пультіне сағат 01:46-да жасөспірімнің саусағына сақина кептеліп қалғаны туралы ақпарат түсті. Облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімшесіне 15 жастағы жасөспірім жүгінген. Құтқарушылар оның саусағындағы сақинаны арнайы құралмен кесіп алды. Жасөспірімнің денсаулығына зиян келген жоқ», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.