БҚО-да жол апатынан алты адам қаза тапты

Өткен тәулікте Батыс Қазақстан облысында үш жол апаты болып, 6 адам көз жұмды, деп хабарлайды Хабар 24.

Оның біреуі – бала. Тағы 10 шақты адам жарақат алды. Жол апатының екеуі Орал қаласында, біреуі Самара-Шымкент трассасының бойында болған. Зардап шеккен жолаушылар ауруханада жатыр. Көбі жабық бас-сүйек жарақатын алған. 8 жасар бала жансақтау бөліміне түскен. Аймақта күн боран, жол тайғақ. Қолайсыз ауа райына байланысты бүгін Самара-Шымкент, Орал-Тасқала-РФ шекарасы, Орал-Атырау бағытындағы трассалар жабылды.

Дариға Мәжитова, БҚО ДП баспасөз қызметінің маманы:

- Полиция қызметкерлерімен оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталуда. Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейін тергеу басталды. Ауа райының нашарлауына байланысты рөлге отырмауға және қаладан шықпауға тырысыңыз.

Сондай-ақ...