ШҚО-да жол апатынан алты адам зардап шекті

Шығыс Қазақстан облысында екі көлік соқтығысып, алты адам түрлі дене жарақатын алды, деп хабарлайды Хабар 24.

Алтай қаласында екі көлік соқтығысқан. Абырой болғанда қайғылы жағдай болған жоқ, адамдар аман. 

«Жол апаты 20.40 шамасында болды. 24 жастағы «ВАЗ» жүргізушісі көлікті басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Салдарынан 44 жастағы жүргізуші тізгіндеген Mitsubishi маркалы автокөлігімен соқтығысқан», – деп мәлімдеді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Оқиға салдарынан алты адам зардап шекті, олар түрлі дене жарақатымен, бас-ми жарақатымен, бас миының шайқалуымен ауруханаға жеткізілді.

ШҚО ПД қазір сот-медициналық сараптама тағайындалғанын, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатынын хабарлады.