434,24 496,10 5,71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

ШҚО: Үржардағы тойда оқ атқандар тұтқындалды

  • 129
  • UPD: 22:52, 03.01.2022

Үржардағы тойханада оқ жаудырған азамат ұсталды, деп хабарлайды Хабар 24.

Оны тұтқындау сәтіндегі бейнематериал әлеуметтік желіде таралды. Күдіктіні тінту кезінде суық қару тәркіленген. Ал екінші күдікті әлі іздестіріліп жатыр. Кеше Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында той өтіп жатқан мейрамханаға қаруланған екі адам басып кіріп, бірнеше рет оқ атқан. Іле шала оқиға орнынан ізін суытқан. Адам шығыны жоқ. Полиция «Бұзақылық»бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Айта кету керек, бұған дейін 31 желтоқсан күні Шығыс Қазақстандағы тойханалардың бірінде мерекелік кештің үстінде белгісіз біреулер оқ атқан. 

Хабар 24 телеарнасы