Ақсуда өртенген үйден 11 бала құтқарылды

Павлодар облысының Ақсу қаласында өрт сөндірушілер 11 баланы құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметінше, өрт туралы хабарлама 3 қаңтарда Ақсу қаласы Доспанов, 28 мекен-жайы бойынша кешкі сағат 21:03 келіп түскен.

Оқиға орнынан Ақсу қаласының №10 өрт сөндіру бөліміне дейінгі арақашықтық - 2,5 шақырым. Өрт сөндірушілер келген бойда бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы бір бөлмелі пәтерде матрас пен үй заттарының 12 шаршы метр алаңында және үшінші қабатта екі бөлмелі пәтердегі ас бөлмеде үй заттарының 20 шаршы метрде жанып жатқанын анықтады. Салдарынан оқиға орыны қатты түтіндеген. Өрт сөндірушілер 4 минуттың ішіде келіп, дереу адамдарды құтқаруға кірісті. 10 өрт сөндіру бөлімінің өрт сндірушілері 9 ересек адамды эвакуациялап, 11 баланы құтқарды. Құтқарушылардың жедел әрі тиянақты іс-әрекетінің арқасында өрт 21:47 сөндіріліп, адамдар зардап шеккен жоқ. Өрттің себебі мен шығыны анықталып жатыр.