Алматыдағы шеру қақтығысқа ұласты

Шеру Алматы қаласында да өтіп жатыр. Ақпарат көздеріне қарағанда, жиналған жұрттың бір бөлігі Абай даңғылынан Республика алаңына қарай жылжыған.

Тағы бір тобы Төле би көшесінен қала ортасына бет алған. Кейбір көшелер жабық. Бірақ нақты қанша адам бары және олардың қандай талап қойып жатқаны белгісіз. Дегенмен бейнекадрларға қарағанда, қала көшесімен мыңдаған адам жүріп өткен.

Қазір қалада интернет жөнді жұмыс істемейді. Ғаламтордың бұғатталуын құқық қорғау органдарының өкілдері қауіпсіздік мақсатында жасалған шара екенін хабарлады.

Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, шеру тәртіпсіздікке ұласқан. Сондықтан тәртіп сақшылары әкімдік ғимаратын қоршауға алуға мәжбүр болды.

Осыған байланысты Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті