Жаңаөзенде газ өңдеу зауытының директоры ұсталды

Жаңаөзендегі «Қазақгаз» өңдеу зауытының директоры ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ аймақта сұйытылған газды сатумен айналысатын электрондық сауда алаңының басшысы да заң алдында жауап беретін болды. Еліміздің қаржы мониторингі автогаз бағасын негізсіз көтеру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Айта кетелік, қазақ газ өңдеу зауыты Маңғыстау облысын және аймақтардың басым бөлігін сұйытылған көлік отынымен қамтамасыз етіп келеді. Кәсіпорын айына 14,5 мың тонна өнім шығарады.

Естеріңізге сала кетейік, Маңғыстау облысында 2 қаңтардан бастап автогаз бағасы 115-120 теңгеге қымбаттады. Бұған халық наразылық танытып, 50 теңгеге түсіруді талап еткен болатын.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы юұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті