Таразда бейбіт шерудің арты жаппай тәртіпсіздікке ұласты

Таразда орталық алаңға бірнеше жүздеген жас жиылып, шаһардың негізгі көшелерімен жүріп, қарсылық білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Наразы топ заңсыздық пен бұзақылыққа жол берген. Шеруге шыққандар 10-нан астам полиция көлігін аударып, өртеп жіберді. Облыс әкімі аппаратының ғимаратын қиратып, Атшабардағы банктердің бірінің бөлімшесін талқандап тастаған. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің ресми сайтында жарияланды. Осыған байланысты аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев тұрғындарға үндеу жасады. Оның сөзінше, бұзақылық сипаттағы жүздеген жас қандай да бір топқа ерген көрінеді. Облыс әкімі жұртты араңдатушылыққа бой алдырмай, іріткі салудан аулақ болуға шақырды.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы юұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті 

Сондай-ақ...