ҚР ІІМ: 2298 бүлікші ұсталды

Ішкі істер министрлігі ел аумағында заңдылықты қалпына келтіру, қылмыскерлерді, тонаушыларды ұстау, басып алынған ғимараттарды босату, стратегиялық маңызды объектілерді қорғау жөніндегі ішараларды жалғастыруда.

Елордада, Шымкент, Ақмола, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында жағдай тұрақты. Ең қиын жағдай Алматыда қалып отыр, онда қарулы адамдар мемлекеттік органдардың, қаржы ұйымдарының, телекомпаниялардың, сауда объектілерінің бірқатар үй-жайларын басып алып, ішінара талқандады.

Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында бірнеше автожол және 1 теміржол учаскесі жабылды. Өңірлерде полиция мен Ұлттық ұланның жасақтары патрульдері күшейтілді, блок-бекеттер қойылды, құқық тәртібін бұзушыларды ұстау, қылмыскерлерді анықтау және ұстау жүргізілуде, ал заңды талаптарға қарулы қарсылық болған жағдайда, оларды жою қарастырылған. Қазіргі уақытта ішкі істер органдары 2298 адамды ұстады. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жолын кесу, азаматтардың қауіпсіздігін қорғау кезінде күштік құрылымдардың 18 қызметкері қаза тапты, ішкі істер органдарының 748 қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері зардап шекті.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Қ.Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады. 

Лаңкестермен ешқандай келісім болмайды – Қ.Тоқаев

Қ.Тоқаев 11 қаңтарда Үкіметке нақты тапсырмалар береді

Алматыдағы бүлік кезінде Almaty телеарнасының қызметкері қаза тапты

Банктер 10 қаңтарға дейін жұмыс істемейді

Жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның 2 сарбазы қаза тапты

ҚР ІІМ: күштік құрылымдардың 18 қызметкері қаза тапты

Түркітілдес мемлекеттер ұйымы қолдау көрсетуге дайын

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бізге не береді?