Алматыдағы бүлік кезінде Almaty телеарнасының қызметкері қаза тапты

Еліміз үшін сын сағаты болып отырған осы ауыр күндері полиция және медицина өкілдерімен қатар БАҚ қызметкерлері де экстремистерден зардап шегуде.

Өкінішке қарай, қаңтар күні террористердің әрекетінен Almaty телеарнасының қызметкері Мұратхан Базарабаев қаза тауып, оның әріптесі жарақат алды. Басқа да журналистер зәбір көрген.

Содырлар Алматыдағы «МИР», «Евразия», «Қазақстан», «Хабар» редакцияларын өртке орап, мұрағатын жойып, техникаларын қиратқан. ҚазТелерадио ғимаратына бірнеше рет шабуыл жасалды. Мұның барлығы БАҚ-тың қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіріп отыр.

Мұратхан Базарбаевтың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Қ.Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады. 

Лаңкестермен ешқандай келісім болмайды – Қ.Тоқаев

Қ.Тоқаев 11 қаңтарда Үкіметке нақты тапсырмалар береді

Банктер 10 қаңтарға дейін жұмыс істемейді

Жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның 2 сарбазы қаза тапты

ҚР ІІМ: күштік құрылымдардың 18 қызметкері қаза тапты

Түркітілдес мемлекеттер ұйымы қолдау көрсетуге дайын

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бізге не береді?