Талдықорғанда лаңкестердің шабуылы тойтарылды

Талдықорғанда бұзақылар қаладағы тергеу изоляторының біріне шабуыл жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар қолға түскен жақтастарын босатып алуға тырысқан. Алайда ол әрекетінен түк шықпады. Полиция қызметкерлері оларға тойтарыс берді. Атыс кезінде бір бұзақының қайтыс болып, тағы бір адамның жараланғаны мәлім болды.