Талдықорғанда тергеу абақтысына шабуыл жасағандар тойтарылды

Тергеу абақтысына шабуыл жасағандардың үшеуі оққа ұшты, деп хабарлайды Хабар 24.

Тағы екеуі жараланды. Қарулы қақтығыс кезінде құзырлы орган өкілдерінің бірі қаза тауып, екеуі жарақаттанды. Шабуыл бүгін сағат 11:30-да болды. 15 адамнан тұратын қарулы топтың қылмыстық әрекетіне полиция тойтарыс берді. Жалпы қазір облыста жағдай тұрақтала бастады. Қоғамдық көлік қатынасы тоқтады. Халыққа қызмет көрсету орталығы мен ірі супермаркеттер жабылды. Тек шағын дүкендер ашық тұр.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті