Алматыда қаруланған адамдар ұсталып жатыр

Түс ауа қалада полиция қарулы адамдар мінген BMW көлігін тоқтатты, деп хабарлайды Хабар 24.

Көлікте 1990 және 1998 жылы туған екі ер адам болған. Тексеру барысында олардан тапанша мен пышақ табылды. Ал Медеу ауданында полицейлер қаруланған тағы бір топты анықтады. Арнайы операция нәтижесінде пәтер ішінен бес ер адам ұсталды. Олардан «Сайга» атты аңшы мылтығы оғымен табылды. Резеңке және темір таяқтар, бензин құйылған екі бес литрлік ыдыс және алтын бұйымдар тәркіленді. Ұсталғандар қамалды.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті