Төтенше жағдайлар министрлігінің 10 қызметкері жарақаттанды

Қызметтік міндеттерін атқару кезінде төтенше жағдайлар министрлігінің 10 қызметкері түрлі жарақат алса, соның біреуіне оқ тиіп жараланған.

Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы Юрий Ильинді қабылдады. Президентке төтенше жағдай кезінде жүктелген міндеттердің орындалу барысы баяндалды. Юрий Ильин мемлекеттік мекемелер мен бизнес-субъектілер ғимараттарының өртенуіне заңға қарсы әрекеттер себеп болғанын жеткізді. Шабуылдардың салдарынан өрт және құтқару қызметінің  29 техникасы зақымданып, оның ішінде 5 автоцистерна толығымен өртеніп кеткен.

Жүктелген міндеттерді әрі қарай атқара беруге және хабарлама жіберу жүйесі арқылы тұрғындарға уақытлы ақпарат беріп отыру қажет екеніне баса мән беру керек.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті