Атырауда жаппай бүлік кезінде 49 адам жарақат алды

Оның 36-сы құқық қорғау саласының қызметкерлері. 1 адам көз жұмды.

Облыс және Мақат ауданының әкімдігіне шабуыл жасалған. Ал Құрманғазы, Индер, Жылыой аудандарында халықаралық, республикалық маңызы бар жолдар жабылған еді. Бірнеше күн көлік қатынасы тоқтады. Бірақ дер кезінде қабылданған шаралардың нәтижесінде жағдайды уақытында қалыпқа келтіруге мүмкіндік туды. Қазір қоғамдық тәртіп қатаң бақылауда.

Махамбет Досмұхамбетов, облыс әкімі:

- Облысымызда бейберекетсіздік іс-әрекеттері дер кезінде тоқтатылды. Дегенмен қауіп толық сейілген жоқ. Өңірдің күштік құрылымдары да күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті. Бұл азаматтарымыздың денсаулығы мен өмірін сақтау, сондай-ақ қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жасалған қадам. Президенттің тапсырмасына сай өңірдің экономикалық әрі стратегиялық маңызы бар ірі өнеркәсіп орындарына әскери күзет қойылуда.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті