Оралда қарулы адамдар ұсталды

Подстепное ауылы маңында орналасқан бақылау бекетінде полиция қызметкерлері түнде, армениялық нөмірлі «Тойота Альфард» көлігін тоқтатқан.

Ішінде үш ер адам, бір әйел және сәби болған. Тексеріс кезінде жүргізуші жүксалғышты ашпай қойған. Ал жолаушылардың бірінен пышақ табылды. Тәртіп сақшылары жедел түрде көлікті полиция пунктіне жеткізуді ұйғарады. Жолда күдіктілер қашпақ болған. Алайда құтылып кете алмады. Көлікті тінту барысында бір жарылғыш зат, 12 калибрлі оқ-дәрі, 50-ден астам ұялы телефон, 6 планшет, 23 смарт сағат және киім-кешек табылды. Күдіктілер деструктивті діни ағымды ұстанушылар екені анықталып, олар қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Болатбек Белгібеков, облыстық ПД ресми өкілі:

- Тиісті қажетті сараптамалар тағайындалды. Осы істің шеңберінде барлық тыйым салынған заттардың және басқа да заттардың алынған, шыққан жерлері анықталатын болады. Ұсталғандардың біреуінің айтуынша, бұл заттарды олар Алматы қаласында болған бұзақылық кезінде алған.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Сондай-ақ...