Алматыда дүкен тонағандар ұсталды

Түркістан облысының полицейлері Алматы қаласында дүкен тонаған 5 жігітті ұстады.

Кеше түнгі сағат он бір жарым шамасында Жетісай қаласындағы қонақ үйден 1992, 1993 жылдары туған Алматы мен Түркістан облыстарының үш ер азаматы қолға түсті. Екеуі бұрын ұрлық үшін сотталған. Тәртіп сақшылары олардан 550 000 теңге ақша, есірткі және өзге де заттар тәркіледі. Ұсталғандардың айтуынша, олар Алматы қаласында болған жаппай тәртіпсіздік кезінде сауда үйінен киімдер ұрлаған. Сондай-ақ бүгін Түркістан қаласына кіре берісте сөмкесі бар екі жас жігіт ұсталды. Екеуі де - Түркістан қаласының тұрғыны. 1995 және 1998 жылдары туған. Олар бұрын тонау мен ұрлық үшін сотталған. Сөмке ішінен полицейлер 5 дана «Никон» және «Кенон» фотоаппараттарын, 11 түрлі алтын әшекей, 2 «Самсунг» және 1 дана «Айфон-12» маркалы телефонын, 1 ноутбук пен екі жаңа аяқ киім тәркіледі. Олар 5 қаңтар күні Алматы қаласындағы Төлеби көшесінде орналасқан Технодом дүкеніне кірген. Содан кейін ғимаратта тұрған ер адамды ұрып, техникалық құралдарды, алтын мен аяқ киім алып кеткен.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды