Ақтөбеде коменданттық сағатты бұзған 166 адам ұсталды

Ақтөбеде коменданттық сағатты бұзған 166 азамат ұсталып, полиция бөлімдеріне жеткізілді.

Сонымен қатар 11 іріткі салушы ұсталды. Қазіргі уақытта олардың екеуі жаппай бүлік ұйымдастырғаны үшін қамауға алынды.

Қанат Әлиев, облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:

- Облысымыздағы жағдай полицияның толық бақылауында. Осыған байланысты Ақтөбе облысы тұрғындары қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, мүлікті сақтау және тонаудың алдын алу мақсатында облыста 22:00-ден бастап, таңғы сағат 6-ға дейін коменданттық сағат енгізілді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды