Күдікті: Митингке қатысуға 90 мың теңге ұсынды

Ішкі істер министрлігі Алматыда қолға түскен күдіктінің видеосын жариялады, деп хабарлайды «Хабар 2

Ол Қырғызстаннан Алматыдағы митингіге арнайы ақша табу үшін келген.

Өзінің айтуынша, оған әлдекімдер хабарласып шақырған. Алматыға дейін ұшаққа билет те алып берген. Ал митингіге қатысу үшін 90 мың теңге ұсынған. Қазір күдіктіні тергеу жалғасып жатыр.

Айта кетейік, Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрлық-қарлық, тонау сынды қылмысқа барғандарды ұстау операциясы жалғасып жатыр. Қала маңында қойылған бақылау бекеттерінде тінту жұмысы үздіксіз жүргізіледі. 

Қолға түскен күдікті:

– Қаңтардың бірі күні маған танымайтын біреулер хабарласып, митингке қатысуға шақырды. 90 мың теңге ұсынды. Мен Қырғызстанда жұмыссыз жүргенмін. Келістім, олар маған билет сатып алып берді. Екісі күні Алматыға келдім. Содан кейін мені Тәжікстан мен Өзбекстан елдерінің азаматтары жатқан пәтерге алып келді. Бірақ мен олардың не айтқандарын түсінбедім. Митинг басталған кезде мен шошып кеттім де, пәтерге қайтып келдім. Сонда қондым, келесі күні үйге қайтуды шештім. Мені әскерилер Самсы ауылында ұстап алды. Пәтерде он шақты адам болған шығармыз. Билетті ұшаққа алып берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды