Алматы облысында 20 адам ұсталып, 40 қару тәркіленді  

ІІМ мәліметі бойынша Алматы облысында антитеррорлық операция кезінде 20 адам ұсталды, деп хабарлайды Хабар 24.

Күдіктілерден 40 отты қару мен 500-ден аса оқ-дәрі тәркіленді.

Айта кетейік, өңірде күштік құрылымдардың лаңкестерді ұстау жұмыстары жалғасып жатыр. Қалаға кіріп шығатын күре жолдарға блокбекет қойылған. Әскерилер көліктерді тексеріп, жолаушыларды жеке төлқұжаты негізінде өткізіп жатыр. Бүгіннен бастап шаһар ішіне де бекеттер орнатылатынын айтты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметідегілер. Саладағылар, тұрғындарға көшеге себепсіз шықпау керектігін ескертеді.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды