Шымкент комендатурасы: Бүлікке қатысы бар күдіктілер ұсталды

Шымкентте бүлікке қатысы бар деген күдікпен 2 мың 716 адам ұсталды. 177 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Олардың 175-і он бес тәулікке қамауға алынды. Екеуіне айыппұл салынды. Шымкент комендатурасы осындай ақпарат таратты. Коменданттық сағатты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар да бар.  Сондай-ақ блокбекеттерде 7 мың автокөлік тексерілген. Көліктердің бірін тексеру кезінде 1 газ тапаншасы, 6 оғы бар шолақ мылтық, атысқа арналып, қайта жасалған травматикалық тапанша табылды. Сонымен қатар әртүрлі миллиметрлі 70-тен астам оқдәрі табылды.    

Ералы Жұмаханбетов, қалалық Полиция департаментінің бастығы:

- Қазір полиция департаменті әскери бөлімдер мен төтенше жағдайлар департамент күштерімен ТЖ уақытында жұмыс істеуде. Қала шекарасында бұғаттау бекеттері қойылып, коменданттық сағат жүзеге асырылуда. Стратегиялық нысандарды күзету күшейтілді. Қаладағы қоғамдық-саяси жағдай бақылауда.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні