Жамбыл облыстық Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменовтің мәйіті табылды

Жамбыл облыстық Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов қайтыс болды.

Ол нақты неден көз жұмғаны туралы ақпарат жоқ. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Олардың айтуынша, жалпы жаппай тәртіпсіздік кезінде Жамбыл облысында 15 адам қаза тапқан. Тараз қаласында террорлық шабуыл кезінде он шақты қарулы қылмыскердің көзі жойылып, 269 бүлікші ұсталды. 7 полицей жараланып, екеуіне оқ тиген. Аймақта ахуал тұрақты болғанымен қауіп әлі сейілген жоқ. Бүлікшілерге қарсы арнайы әскери операция әлі де жалғасып жатыр.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні