Оралда күдіктілер ұсталып, қару мен есірткі тәркіленді

Оралда түн ортасында көлік жүргізушісі бақылау бекетін саяжай арқылы айналып өтпек болған. Алайда тәртіп сақшыларынан сытылып кете алмады, деп хабарлайды Хабар 24.

Көлікте 4 ер адам болған. Жүргізушінің есірткі пайдаланғаны анықталды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері мәлімдеді. Тексеріс кезінде олардан 2 ас үй пышағы, қорапқа салынған жасыл түсті ұнтақ және 4 ұялы телефон табылды. Күдіктілер Қызылорда қаласынан келген. Сонымен қатар дәл осы уақыт шамасында көшеде тағы 2 жігіт ұсталды. Олардан 5-те 45 калибрлі әскери оқ-дәрі мен пышақ табылған. Екі бірдей оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.