Павлодарда 900-ге жуық азамат жазаланды, олардың ішінде шетел азаматтары бар

Павлодар облысында бүлік шығарған 900-ге жуық адам жазаланды.

Облыс комендатурасы өкілдерінің хабарлауынша, тәртіп бұзғандардың әрқайсысына қатысты әкімшілік іс қозғалған. Жауапқа тартылғандардың қатарында төрт шетел азаматы болған. Материалдардың барлығы сотқа жіберіліп, шешімдер қабылданды. Нақтырақ айтқанда, 220 азамат 15 тәулікке қамауға алынды. Тағы 300-ге жуық бұзақыға 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Ал өзге ел азаматтар кері қайтарылды. Қазіргі уақытта облыстың күштік құрылымдары күшейтілген жұмыс кестесіне көшкен. Стратегиялық маңызы бар нысандар ерекше бақылауға алынды. Блок бекеттердегі қызмет күшейтілді. Тәулік ішінде блок бекеттер арқылы алты мыңнан астам автокөлік өткен. Жүріп-тұруға рұқсат болмағандықтан, 39 автокөлік мен 88 азаматқа кіру мен шығуға рұқсат етілмеді.

Жанна Белялова, облыстық полиция департаментінің ресми өкілі:

– Коменданттық сағат енгізілсе де, заңбұзушылықтар баршылық. Мәселен, уақыт режимін сақтамаған 700-ге жуық адам ұсталды. Әр адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Материалдар сотқа жолданды. Сонымен қатар, 290 көлік тоқталылып, айып тұрағына қойылды.

Мемлекет басшысы мәлімдемесінің толық мәтіні

Әлихан Смайылов премьер-министр лауазымына тағайындалды.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Сонымен қатар Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстан бойынша төтенше жағдай жарияланды

Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды.

Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні

Кәрім Мәсімов тұтқындалды

ІІМ: «Дикий Арман» ұсталды

Тәуелсіз Қазақстан тарихында он бірінші рет аза тұту күні жарияланды

Қ.Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты