Павлодарда жол апатынан зардап шеккен әйел жансақтау бөліміне түсті

Жол-көлік оқиғасы 11 қаңтар күні сағат 17:45 шамасында Шөкин – Назарбаев көшелерінің қиылысында орын алған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz

Облыстық полиция департаменті баспасөз  қызметінің мәліметі бойынша,  екі адам зардап шеккен. Олардың бірі 1971 жылы туған әйел жансақтау бөлімшесінде жатыр. 

Зардап  шеккен адамда бас миы мен оң жақтағы кеуде қуысының соғылуы, бас сүйегінің сынуы, кеуде қуысының тұйық жарақаты анықталды. Сондай-ақ 1981 жылы туған ер адамда политравма бөлімшесінде жабық ми-қаңқа жарақаты, сол жақ жіліншігінің  екі сүйегінің жабық сынуы тіркелді.