Қостанай облысындағы блок-бекет маңында көлік апаты болды

Қостанай-Мамлютка жол бойындағы блок-бекеттің қасында «Вольво-12» жүк көлігі полицияның қызмет машинасын соқты.

Сондай-ақ сол жерде тұрған «Лада-Гранта» көлігін де іліп кеткен. Абырой болғанда адамдар аман. Комендатура таратқан ақпаратқа сүйенсек, жүк көлігінің тежегіші істен шыққан. Осы оқиға бойынша «Вольво» жүргізушісінің үстінен әкімшілік хаттама толтырылды.