Қызылордада күдікті блок бекеттен есірткі алып өтпек болған

Қызылорда облысында әлеуметтік желіге арандатушылық сипатта жалған ақпарат таратқан Байқоңыр қаласының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Хабар 24.

Қазір іс сотқа жолданып, күдіктіні 30 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды. Одан бөлек Қызылордадағы блок бекеттен аса ірі көлемде есірткі өткізбек болған күдікті ұсталды. Оның көлігінен 1,5 келіге жуық марихуана табылды. Уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Айдос Ақпаев, Қалалық ПБ тергеу бөлімі бастығының орынбасары

– ҚР ҚК 296 бабының 4 бөлігімен аса ірі көлемде есірткі, психотроптық заттарды заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдауға байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Өзге мәліметтер тергеу құпиясын сақтау мақсатында жариялануға жатпайды.